Ағылшын тілі курстары

Біздің топтар орташа есеппен 8 адамнан тұрады. Бізде курстың төмендегі деңгейлері тоқтаусыз өткізіледі:  Starter, Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate. Сонымен қатар IELTS-қа  дайындық үшін де курстар жүргіземіз.

Бізде Starter, Elementary мен Pre-Intermediate сияқты деңгейлерге дәріс өткізетін жергілікті озат мұғалімдер жұмыс істейді. Starter деңгейіндегі дәрістерде орыс тілі негізгі тіл болып табылады. Elementary деңгейіндегі дәрістерде ағылшын тілі басымдылықта болады және Pre-Intermediate деңгейінде  ағылшын тілі негізгі тіл болып табылады. Intermediate пен Upper-Intermediate деңгейіндегі дәрістер тек ағылшын тілінде және шетелдік мұғаліммен өткізіледі.

Starter, Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate  – Upper-Intermediate курстарының ұзақтығы -3 немесе 3.5 ай шамасында. Сонымен қатар, бізде 7 жас және одан жоғары жастағы балаларға арналған топтар да бар. Сондай-ақ, егер бос аудитория болса және мұғалімнің кестесі дәріс өткізуге мүмкіндік берсе, жеке дәріс алу мумкіндігі де бар.

Әрбір курс аяқталған кезде біз қорытынды тесттен 70% және одан жоғары алған,  сонымен қатар, дәріске келу белсендігі 70% және одан жоғары болған студенттерге сертификат береміз.