Сөйлесу клубы

Әр сенбі сайын кітапхана мүшелеріне арналған ауызекі клубы өткізіледі. Қатысу тегін, бірақ орын саны шектеулі, сондықтан қатыса алу үшін бізге сенбі күні сағат 10.00-нан қоңырау шалып, орын алып қою қажет. Басталуы сағат 12:00-де. Ағылшын тілі деңгейі Pre-Intermediate – тен төмен болмауы тиіс. Ауызекі клубы әрқашан шетелдік адамдарымен өткізіледі және олар талқылау тақырыбын өздері таңдайды. Тақырыптар әрқашан әр түрлі және қызықты болып келеді. Ауызекі клубының ұзақтығы  1 сағат.

Ауызекі клубын бізде Астанада жұмыс істеп, әрі тұратын шетелдік волонтерлар өткізеді. Егер сіз шетелдік болсаңыз және біздің ауызекі клубымызды бір рет болсын жүргізгіңіз келсе, онда біздің қызметкерлерімізге хабар бере аласыз!