Кітапханаға тіркелуі

Біздің кітапхананың мүшесі болу өте оңай! Сол үшін бар болғаны – жеке куәлігіңізді әкеліп, анкетаны толтыру және тиісті құнын төлеу. Біздің кітапхана мүшесі ретінде сіз 3 апталық мерзімге 2 кітап және 1 апталық мерзімге 1 DVD дискісін алуыңызға болады. Кітап немесе дискілердің алу мерзімін созып жібергені үшін аздаған айыппұл және жоғалтылғаны/бүлдірілгені үшін компенсация төлеу де қарастырылған. Тіркелуден кейін біз сізге кітапхана мүшесі ретіндегі нөміріңіз бен ережелер, жұмыс тәртібі, байланыс телефондары көрсетілген брошюраны береміз.

Кітапханада тіркелу бағалары:
Ересек адамдарға – 4000 теңге жылына.
Студенттерге* мұғалімдер мен жасөспірімдерге**  (12-18 жас-) – 3000 теңге жылына.
12 жастан** кіші балаларға – 2500 теңге жылына.
Зейнеткерлерге- 1500 теңге жылына.

*Міндетті түрде студенттік билетті көрсету керек.
** 18 жасқа толмаған адамдарға міндетті түрде жазбаша түрде ата-аналардан немесе заңды қамқоршысынан рұқсат алуы қажет.

Кітапхана мүшесі болғаннан кейін сіз ауызекі клубымызға тегін қатыса аласыз.