Жинақтама

Біздің кітапханадағы көбірек танымал, әрине, ағылшын оқулықтарының бөлімі. Әрбір оқушының деңгейіне сәйкес бейімделген көптеген грамматика оқулықтары, жаттығулары бар кітаптар және әлемдік әдебиет классиктерінің үлкен топтамасы қамтылған. Кейбіреулерінің құрамында ағылшын сөзін қабылдау дағдысын жетілдіруге көмек беретін аудио дискілері де бар.

Бізде DVD дискілердің аумақты таңдауы бар – шамамен 1000-дай атаумен қамтылған ағылшын, орыс тіліндегі көркем фильмдер мен телехикаялар, сонымен қатар шамалыcы қазақ тілінде, кейбіреулері  субтитрлерімен де бар.

Шетел отбасылары үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем әдебиеттердің кең таңдауын ұсынамыз. Ағылшын тілін жетік білетін студенттер үшін классикалық ағылшын әдебиеті мен  құрамында тарихтан бастап денсаулыққа дейін, одан әрі бизнестен бастап өмірбаяндарды қамтитын  ғылыми-көркем әдебиет бөлімін ұсынамыз.

Біздің кітапханадағы басқа әйгілі бөлім, бұл – классикалық және заманауи орыс әдебиеті. Бұл бөлім құрамында Соженицын, Пушкин, Гоголь сияқты және басқа да әйгілі классиктердің туындыларын қамтиды. Сондай-ақ, біз сізге әйгілі классикалық және замануи әлемдік әдебиет кітаптарының аудармаларын ұсына аламыз. Құрамында Дж.К. Роулинг, Янн Мартел, Джон Голсуорси пен Фрэнсис Скотт Фицджеральд сияқты жазушыларының кітаптары бар.

Біздің кітапхана Дьюи жүйесі бойынша негізделген, яғни кітаптар тақырыптар мен автордың тегіне қарай сұрыпталған, бұл өз кезегінде сізге еш қиындықсыз керек кітапты табуыңызға көмектеседі. Егер сізде сұрақтар туындаса немесе керекті материалды таба алмай жатсаңыз, сіз біздің администраторымыздан көмек сұрасаңыз болады.

Бізде аудио-кітаптар мен CD дискілердің шағын топтамасы бар.

Бізге келіп тегін кітап оқуыңызға немесе кітапханаға тіркеліп, кітап немесе DVD дискілерді үйлеріңізге алып кете аласыз.